» » Түлектер аттестат алуда

Түлектер аттестат алуда


ЖОСАЛЫ, 4 маусым – qarmaqshy-tany.kz С.Есқараев атындағы №27 орта мектеп түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты мектеп аумағында, көгілдір аспан астында ұйымдастырылды. Жақындардың жүрекжарды лебіздері, мектеп өміріндегі қызықты сәттер мен ұстаздарға деген ыстық ықыластар – мектеп түлектерінің алтын ұямен қоштасу рәсіміне арналған салтанатты сап-түзеу сәтінде көрініс тапты. Бітіруші жас түлектер өмірдегі ең маңызды құжаттардың бірі – орта мектепті тәмамдау жөніндегі аттесттарын қолға алды.


Түлектерді ұлықтау және оларға аттестат тапсыру салтанаты музыкалық қойылымдармен жалғасты. Концерттік бағдарламаның төрінде бітіруші жастар мұғалімдеріне деген шексіз алғыстарын әуелеген әнмен жеткізіп, әсем бидің ырғағында тербелді. 
Алғашқы құттықтау сөз алған мектеп директоры Жарасова Ақмарал Дәуренбекқызы түлектерге бойларындағы күш-жігерлеріне деген сенімділікті жоғалтпай, алға қойған мақсаттарына жетудегі ұмтылыс пен әрбір бастамаларына сәттілік тілеп, мектеп өміріне белсенді араласқан ата-аналарға “Алғыс хат” табыстады.
– Осы мектептің түлегі болғаныма мақтанамын. Мектеп қабырғасында өткізген қызықты әрі мазмұнды 11 жыл менің есімде мәңгілік сақталады. Ұстаздардың берген сапалы білімі болашақта менің табысты маман болуыма өз септігін тигізетініне сенімдімін, – деп бөлісті алған әсерімен «Алтын Белгі» иегері Тұрақов Нұрболат. 
Мектеп ұжымы 9 жыл білімді үлкен жетістікпен аяқтап, мектеп мақтанышына айналып, бүгін «Үздік аттестат» иесі атанып отырған Бағдатова Жазира, Қонысбек Дильназ, Тлеубай Рүстемді мақтан етеді.
“Соңғы қоңырау” ұру салтанаты 1-сыныптың үздік оқушысы Оралбай Асылболатқа берілді.
04 маусым 2020 ж. 1 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031