» » «Балаға өзім жауаптымын» деп ата-анаға қолхат жаздыру дұрыс емес – Білім министрі

«Балаға өзім жауаптымын» деп ата-анаға қолхат жаздыру дұрыс емес – Білім министрі


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру жұмысы туралы аппарат жиынында айтты, деп жазады aikyn.kz.

«Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мәселесі өте маңызды. Ең бастысы, балалардың денсаулығын естен шығармауымыз тиіс. Өңірлердің өздері эпидемиологиялық ахуалға сәйкес шешім қабылдайды. Қауіпсіз болса ғана мәселені шешу керек. Балаларды қалай болса да сауықтыру орталығына жіберу қажет деген сөзді ешкім қозғап отырған жоқ. Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігі бірінші орынға қойылсын», – деді Асхат Аймағамбетов.
Оның айтуынша, жыл сайын мұғалімдер ата-аналардан әртүрлі қолхат жаздырып алады. «Қолхат жаздыру қаншалықты дұрыс? Ата-аналар онсыз да өз балалары үшін жауапты. Ешқандай қолхат қажет емес. Жаз айында мұғалімдер демалуы тиіс. Ата-аналардан «балаларымызға өзіміз жауаптымыз» деп қолхат алу – ойға қонымсыз мәселе. Оны тоқтауымыз керек. Бұл мәселені мектеп басшыларына жеткізген жөн», – деді министр.
28 мамыр 2020 ж. 1 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031