Мәслихаттар сайлауы
» » Бір күнде 2 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Бір күнде 2 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


ЖОСАЛЫ, 22 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Аудандық сотта ҚР ӘҚБтК-ң 73-2-бабының 1-бөлігімен екі әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.


Сотта анықталғандай, құқық бұзушылар Г. және Б. жәбірленушілерге балағат сөздер айтып, ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян әкеп соқпаған күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарап, шешім қабылдау үшін жолданған.
Алайда, іс қарау барысында жәбірленушілер құқық бұзушылармен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрап, қолдарын қойған жазбаша дауды реттеу туралы келісімі ұсынылған.
Сот, әкімшілік іс-құжаттарын зерттеп, іске қатысушылардың уәждерін тыңдап, тараптар татуласып, медиация тәртібімен бітімгершілікке келуіне байланысты, әкімшілік жауаптылықтан босатып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 73-2-бабының 1-бөлігімен басталған істерді жәбірленушілермен медиация тәртібімен бітімгершілікке келулеріне байланысты тоқтатты.

22 мамыр 2020 ж. 917 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30