» » Соя дақылының көлемі артты

Соя дақылының көлемі артты


«Соя» дегенді естігенде кейбірі оның қандай дақыл екенін біле бермейді. Мәселен, біреуі бұл жапонның асқа қолданатын тұздығы деп ойлап қалады. Рас қой? Соя – бұршақ тұқымдас дақыл. Бүгінде дүние жүзі бойынша сұранысқа ие өнім. Біршама мемлекет оны ет тағамдарының орнына тұтынады. Ал былтыр дәл осы өнімді біздің диқандар алғаш еккен болатын. Сыр топырағын жатырқамаған дақылды биыл да жер төсіне орналастырды.


Далада жайқалған ақ күрішіміз кірпияз дақылдың біріне жатады. Үш ай толарсағынан су кешіп тұрып пісетін өнім. Ал күріштікке су шығару оңай емес. Себебі ақтарылып жатқан өзені, көлбей орналасқан көлі жоққа тән. Жыл сайын су тапшылығының сезіліп қалатыны да жасырын емес. Осыны бағамдаған соң облыс шаруалары күріш алқаптарын азайту жөнінде тапсырма алған болатын. Былтыр суды үнемдеу мақсатында жер құнарын сақтау, арттыру және өнімді көбейту үшін тоғыз жоба қолға алынды. Ал соя – сол дақылдардың бірегейі.
– Дақылдың жер құнарын арттыруға септігі көп. Бұл облыстың ауыл шаруашылығы саласында қолға алынған 9 тың жобаның бірі. Соя – қай жағынан да тиімді дақыл. Біздің өңірге жерсініп, одан мол өнім алуға болады. Қазір қалдықсыз өнімге көңіл бөлінуде. Одан қажетті өнім алудан бөлек, малға азықтық жем дайындауға да болады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әсет Омаров.
Былтыр 40 гектарға соя дақылы тәжірибе ретінде егілген-ді. «Тұрмағамбет» ЖШС Алматы қаласынан сояның ерте пісетін «Жансая» сортының 2 тонна І репродукциялы тұқымын алдырған. 20 гектар жерге ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесіп өсірді. Ал биыл тұрмағамбеттік диқандардың жоспарындағы 100 гектарлық «Жансая» сорты осы айдың 20-сында егіледі. Өткен жылы «Жаңажол» ЖШС 20 гектарға ерте егу арқылы жоғары өнім жинау технологиясын қолданып, соя өсіруге тәжірибе жасаса, биыл бұл өнімнің көлемі артты. Яки дақылды 70 гектарға егу жоспарланса, оның 30 гектары егіліп қойған. Өз кезегінде шаруалар Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен бірлесе егеді.
Қазірдің өзінде қырманда қарбалас. Мамандардың айтуынша, ауыл еңбеккерлері ерте таңнан іске кіріседі. Осылайша аз егіп, мол өнім алуға бет бұрған Сыр диқандары жыл өте тоқсан күн суда тұрып пісетін күріштің көлемін азайтуда. Мәселен, былтыр аймақтағы күріш алқабы 3 мың гектарға қысқарса, биыл егіс көлемі 1500 гектарға аз. Алайда мұнан өнім көлемі кеміп қалмайды. Оған дәлел соңғы бірнеше жыл қатарынан күрішші қауым рекордтарын жаңартып келеді. Тіршілік нәрін үнемдеуден туған ізденіс соя секілді дақылдарды өндіруге негіз болып отыр.
Айнұр ӘЛИ
19 мамыр 2020 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 084

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031