» » Сегіз адам мас күйінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

Сегіз адам мас күйінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

Батыс Қазақстан облысында сегіз адам мас күйінде полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Бөрлі ауданы аумағында 17 мамырға қараған түні Бөрлі – Орал автожолында болды.

Бөрлі ауылының тұсында облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары ресейлік нөмірмен келе жатқан «Киа Соренто» автокөлігіне тоқтауға белгі берген. Алайда автокөлік полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, Қанай ауылына қарай жүрген.

Содан кейін автокөлік тоқтап, ішінен мас күйінде 8 адам шыққан. Олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, дене жарақаттарын келтірген.

Жедел шаралар барысында барлық күдіктілер анықталып, ұсталды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 380-бабына (билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

17 мамыр 2020 ж. 1 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031