» » Оңтүстік Корея өкілдері Ким Чен Ынның неге көрінбей кеткенін айтты

Оңтүстік Корея өкілдері Ким Чен Ынның неге көрінбей кеткенін айтты

Оңтүстік Корея өкілдері КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның халық алдына неге жиі шықпай кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оңтүстік Корея тарапы Ким Чен Ын жүрегіне операция жасалған соң ол 3 апта бойы көрінбегенін айтады. Оған Солтүстік Кореяда коронавирус таралуы мүмкін деген қауіп себеп болған. Бұл туралы Reuters жазған.

Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің дерегіне сәйкес, КХДР көшбасшысының "денсаулығы нашар" деген ақпарат негізсіз екен.
Осыған қарамастан биыл Ким Чен Ын халықтың алдына 17 рет шығыпты. Ал өткен жылы 50 рет шыққан.

Барлау қызметінің өкілдері бұл жағдайды Солтүстік Кореяда коронавирус таралуы мүмкін деген жағдаймен байланыстырады.

Корея республикасының бірігу министрі бұл пікірді қолдайтынын айтты. Ол Ким Чен Ынның жоғалуын ерекше оқиға деп бағаламайтынын, мемлекет коронавирус инфекциясымен күресу үшін қатал шараларды енгізіп жатқанын мәлімдеді.

Сәуір айының ортасында Солтүстік Корея көшбасшысы атасы, КХДР-ның негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күнін тойлау рәсіміне қатыспаған. Ким Чен Ынның бұл шараға қатыспауынан оның өліміне немесе денсаулығына қатысты алып-қашпа әңгімелер тарады.

Алайда 2 мамырда Ким Чен Ын халықтың алдына шығып, тыңайтқыш өндіретін зауытты салтанатты түрде ашты.

АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстік кореялық көшбасшының оралуын жылы қабылдап, бұл туралы Twitter желісінде жазба қалдырды.

Ресми дерекке сәйкес, КХДР-да коронавирус жұқтырудың бір де бір дерегі тіркелмеген.
06 мамыр 2020 ж. 1 027 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930