» » Мамырда ауа райы қандай болады

Мамырда ауа райы қандай болады


Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша, мамыр айының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстік жартысында, ал айдың соңына қарай солтүстік жартысында үсік жүру тоқтайды.Осы жылдың мамыр айында түнгі уақыттарда еліміздің солтүстік-шығыс өңірі мен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында ауа температурасы үсік жүруге дейін төмендеуі ықтимал. Айдың ең басында ауа райын Орталық Азия аймағынан жылы ауа массалары анықтайтын болады, бірақ фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысының кей жерлерінде күші 15-25 м/с дейін екпінді желмен қатты жаңбыр және бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +18+25°С, солтүстік-батыстың кей жерлерінде +15°С, оңтүстік-батыста және оңтүстікте +25+30°С құрайды.2020 жылдың 3-5 мамыр аралығында Карск теңізі аймағынан суық антициклонның кіруімен және фронтальды бөліктердің өршуімен еліміздің солтүстік-шығысында арты қарға ұласатын жаңбыр жауып, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін, оңтүстік-шығыста түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+23°С дейін төмендеуі мүмкін. Республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде Иран аймағынан жылы ауа массаларының келуіне байланысты ауа температурасының +25+33°C дейін жоғарылауы ықтимал. Бірінші онкүндіктің екінші жартысында оңтүстік-батыс бөлігінен жылудың республиканың қалған аймақтарына ығысуына қарай еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы және температуралық фонның жоғарылауы күтіледі. Сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктерде тұрақсыз ауа райы болады. Яғни екпінді жел тұрып, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде -3+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін, батыс және оңтүстік батыс аймақтарда түнде +5+13°C дейін, күндіз +13+21°C дейін ауа райының төмендеуі ықтимал. Алайда, екінші және үшінші онкүндіктерде жоғары температура күтілуде. Мәселен республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы +20+28°C дейін, оңтүстікте +25+33°C дейін көтерілуі ықтимал.
03 мамыр 2020 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031