Көктайғақ, бұрқасын, жел – бүгінгі күн райы
Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.