» » Қайда бетпердесіз жүруге болады?

Қайда бетпердесіз жүруге болады?


Бұл жолы Жандарбек Бекшин алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге болатынын құжат жүзінде бекітіп отыр.

Алматылықтарға көшеде бетпердесіз жүруге ресми түрде рұқсат берілді. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тиісті қаулы шығарды, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.


Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, адам бір минутта қолын бетіне 3-5 рет тигізетінін айтты.
"Адамдарға жабық ғимараттан тыс жерде бетперде тағу тек ұсынылып отыр. Алайда мұны орындамағандар жауапкершілікке тартылмайды", - деп жазылған хабарламада.

Ал жабық жерлерде бетпердемен жүру шарт. Бұған құлақ аспағандар жауапқа тартылады.

Қай жерде бетперде тағу керек
•жабық ғимараттарда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медицина ұйымдары және т.б., сондай-ақ, көлікте;
•вирус жұқтырмаған адам COVID-19-ға шалдығуы мүмкін адамға көмектескен кезде;
•коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуының көтерілуі, жөтел, түшкіру).

Жандарбек Бекшин 22 сәуірдегі мәлімдемесінде алматылықтарға далаға бетпердесіз шығуға болатынын алғаш рет айтқан болатын. Ол осының арқасында маска тапшылығы мәселесі шешілетінін жеткізді. Бұған қоса, ашық ауада медициналық бетперденің тиімсіз болатынын айтты.

Алайда бір тәулік өткен соң ол бұл сөзінінен бас тартып, жұрт дұрыс түсінбегенін жеткізді.

Енді Жандарбек Бекшин алматылықтарға көшеде маскасыз жүруге болатынын құжат жүзінде бекітіп отыр.



30 сәуір 2020 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 307
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 84

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930