» » Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?

Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болу керек?

1-4 сыныптағылар үшін бір кітаптың салмағы 300 граммнан, 5-6 сынып оқушылары үшін 400 граммнан, 9-сыныптан жоғары оқитындар үшін 600 граммнан аспуы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен оқушылардың оқу жылына дайындығы туралы баспасөз конференциясында айтылды.  Баспасөз конференциясына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қатысып, оқу процесіндегі мектеп оқулықтарының маңызына тоқталды. "Оқулықтарды ресми түрде оқулық сатуға рұқсат алған дүкендерден сатып алу керек. Ол жердегі оқулықтар талапқа сай болады. Сондай-ақ сөмкенің қатты ортопедиялық арқалығы болуы тиіс, асынатын бауы жалпақ болуы және тұтқасы ұзындығы бойынша реттелуі, мектеп сөмкесінің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс. Мектеп құралдарынсыз сөмкенің салмағы 1 кг-дан аспағаны дұрыс. Ауыр рюкзакты алып жүру жарықтың пайда болуы, сколиоз, остеохондроз сияқты аурулар тудыруы мүмкін", - дейді ол.  Жандарбек Бекшин оқушының дұрыс тамақтануына қатысты мәселеге де тоқталып өтті.  "Ата-аналар балаларын үйдегідей тамақтандыру керек екенін жиі айтады. Үйдегідей тамақтандыру деген не? Ол - тәтті, ашты, майлы, тұзды тамақ жеу. Біз мұндай тамақ жеу зиян екенін айтамыз. Балаларды кішкентай кезінен осындай зиянды тағамдарға тәуелді болып қалмауға үйретуіміз керек. Сондықтан академик Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақ тағамтану академиясы оқушылардың жас ерекшелігі және жыл мезгілдеріне байланысты рационды тамақтану стандартын енгізді. Бұл дұрыс тамақтану стандарты былтырғы оқу жылынан бері мектептердің 65%-ына енгізілді", - дейді ол. Бұған дейін еліміздің бас дәрігері Жандарбек Бекшин ұйқысы қанбаған баланың сабақтағы жұмыс қабілеті 30% төмендейтінін айтып өтті.
massaget.kz
02 тамыз 2019 ж. 1 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031