» » Қызылордаға Теңіз кен орнынан 169 жұмысшы оралды

Қызылордаға Теңіз кен орнынан 169 жұмысшы оралды


Қызылорда облысына Атырау облысындағы коронавирус инфекциясы шыққан Теңіз кен орнынан 169 жұмысшы оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетелік, «Теңізшевройл» компаниясы ауру ошағы деп танылған вахталық қалашықтан қызметкерлерді қайтару туралы шешім қабылдаған.

«Атырау-Қызылорда» бағыты бойынша жұмысшылар мінген ұшақ «Қорқыт ата» әуежайына келіп қонды. Жолаушылар арасында Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудан тұрғындары бар.

Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының хабарламасы бойынша жұмысшылардан КВИ-ге тест сынамалары алынды. Нәтижелері таза болып шықса, үй жағдайында бақыланады.

Бұған дейін аймаққа 168 жұмысшы жеткізілген болатын. Сәуірдің аяғына дейін Атыраудан тағы бірнеше рейстің келуі күтіліп отыр.


26 сәуір 2020 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 193
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30