» » 42 500: Еңбек министрлігі жиі қойылатын сауалдарға жауап берді

42 500: Еңбек министрлігі жиі қойылатын сауалдарға жауап берді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне қатысты ең көп қойылатын сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Олардың ең біріншісі - 1 жылдан 3 жылға дейін бала күтіміне байланысты демалыста отырған әйелдер өтінім бере ала ма? Егер табысы болса және төтенше жағдайға байланысты оны жоғалтса, онда иә. Бірыңғай жиынтық төлем жасап, келесі күні өтінім беруі қажет. Екіншісі - студенттер өтінім бере ала ма? Егер студент төтенше жағдайға дейін жұмыс істеп, ТЖ-ға байланысты табысынан айырылса, әлеуметтік/зейнетақы төлемі/БЖТ-сы болса, онда ол өтінім бере алады», - деп атап өтеді вице-министр Instagram парақшасында.

Әлеуметтік төлем төлеуден бас тартулардың негізгі себебін сұраушылар да көп.

«Біріншісі - бұл ЖСН-і қате терілген өтінімдер. Мұндай шамамен 160 мың өтінім бар. Өтінімді қайта жіберуге кеңес беріледі. Екіншісі мемлекеттік органдардың және мемлекеттік органдар басқаратын мекемелердің қызметкерлеріне бас тартылды. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдардың қызметі тоқтатылған жоқ. Олардың қызметкерлері қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Соған орай бұл санаттағылар төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылуы мүмкін емес. Үшіншісі, бірыңғай жиынтық аударымы жоқ кез келген санаттағы азаматтарға бас тартылған шешім болды. Мәселен, зейнеткер немесе аса қажеттілігі бар тұлға төтенше жағдайға дейін жұмыс істесе және оның ТЖ енгізілген күнге дейін БЖТ-сы не әлеуметтік төлемі болса, онда оған тағайындалады. Егер зейнеткер ресми жұмыс істеп, аударымдары болса (босатылған), онда оған жұмыс берушісі өтінім беруі тиіс. Бұл ТЖ-ге дейін бейресми жұмыс істеп, ТЖ енгізілген күнге дейін БЖТ төлегендерге қатысты», - деп түсіндіреді Н.Мұқышев.
Сонымен қатар вице-министр өтінім мақұлданғанымен ақшаның түспеу себебін де жан-жақты тарқатып берді.

«Өздеріңіз де білесіздер, осы сауалдарды алғаннан кейін таяуда Телеграм-каналда қаражаттың ұзақ аударылуына қатысты сауалнама жүргіздім. Оның нәтижесінде бұл мәселелерге қатысты банктермен жұмыс істедік. Мәселен, кейбір банктерде шынымен де кешігулер болғаны анықталды. Бірақ, олар қазіргі уақытта жойылды. Нақты цифрлармен айтар болсақ, онда бүгінгі күні шамамен 930 мың өтінім беруші есепшот нөмірін көрсетпеген немесе IBAN жазу барысында қателіктер жіберген. 800 мың өтінім бойынша банктермен сараптама жүргізіп, ақша аудару тетіктерін қарастырдық. Қалған 130 мыңның IBAN-ы табылмады. Бұл азаматтардың барлығының телефон нөміріне есепшот нөміріне сұрау салынған СМС жіберілетін болады. Оған есепшот нөмірін дұрыс көрсетіп, жауап беру қажет. Жіберер алдында барынша мұқият болуды және қаталап тексеріп алуды өтінемін», - деді вице-министр.


21 сәуір 2020 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031