» » 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеруге болады?

42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеруге болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын қалай тексеріп беретін қызметті іске қосты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Біз әлеуметтік желілерге әрдайым мониторинг жүргізіп, адамдардың сұрақтарының басым бөлігі былай екенін көріп отырмыз: «Мен бірнеше күн бұрын өтінім беріп қойғанмын. Әйтсе де әлі күнге дейін өтінімім мақұлданды ма, жоқ па білмеймін» дейді көбі. Сол себепті Біржан Нұрымбетовтің тапсырмасымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрландыру кеңсесі 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғын тексеріп беретін қызметті іске қосты. Сервис бойынша біз Президент Әкімшілігі жанындағы ІТ-штабпен, ІТ мамандарымен, ұжыммен қауырт жұмыс жүргіздік. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевке де алғысымызды айтамыз», - деді Нариман Мұқышев.

Әлеуметтік төлем алу құқығын тексеру үшін:

1.42500.enbek.kz сілтемесіне өту керек.

2. «Өтінім статусын тексеру» батырмасына басасыз.

3. Онда ЖСН мен жеке куәліктің нөмірін енгізесіз.

4. «Мен робот емеспін» батырмасын басасыз да, «тексеруге» жібересіз.

Сіздің 42 500 теңгені алу құқығыңыз бар-жоғы бірден шығып тұрады. Бір ұялы телефон немесе компьютерден бір сағаттың ішінде тексеру бойынша 3 өтінім жіберіп көруге болады.

12 сәуір 2020 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930