» » Қызылорда облысында балық аулауға уақытша тыйым салынды

Қызылорда облысында балық аулауға уақытша тыйым салынды

Бұл туралы Қызылорда облыстық табиғат қорғау прокуратурасы хабарлады.
Ауылшаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен бұйрыққа сәйкес Арал-Сырдария бассейні бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде келесі шектеулер мен тыйымдар салынған:
– Сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
– Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
– Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта (Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.
Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.
Тыныштық аймағын құру мақсатында Сырдария өзенi Кiшi Арал теңiзiне құятын жерінен Көкарал бөлiп тұру бөгетiне дейiнгi оңтүстiк бағытта, Көкарал түбегіне дейiнгi батыс бағытта, солтүстiк және солтүстiк-шығыс бағыттарда 5 км, Сырдария өзенінің ағысымен жоғары бағытта 5 км учаскеде жыл бойы балық аулауға тыйым салынғандығын хабарлаймыз.
Тыйым салынған мерзімдерде балық аулағаны немесе тыйым салынған жерлерде балық аулағаны үшін – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабына сәйкес құқық бұзу құралдары тәркілене отырып, 20 – 250 АЕК  дейін  айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 335-бабына сәйкес заңсыз балық аулау – мүлкі тәркілене отырып, 10 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.


15 сәуір 2020 ж. 1 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031