» » АЛМАТЫДА АРМАН АҚТАЛДЫ

АЛМАТЫДА АРМАН АҚТАЛДЫ

Қармақшы аудандық Оқушылар үйінің бес бірдей шәкірті республикалық «Өнерлі өркениет» байқауында жүлделі орындарды иеленіп, биік белестерді бағындырды. Оған қоса «Жылдам оқу» үйірмесінің жетекшісі Гауһар Байдабаева «Үздік ұстаз» төсбелгісін иеленді.
Бұл сайыс республикада тұңғыш рет қолға алынған. Биыл өткізілген тартысты бәсекеде аудан оқушылары ә дегеннен топ жарды. Көркем сөз оқу сайысынан Динара Әбидоллақызы І орынға қол жеткізді. Сонымен қатар бейнелеу өнері бойынша Інжу Ерманова, шығарма жазудан Айғаным Мұрат, қолөнер сайысы бойынша Кәусар Ерманова бірінші орынның биігін бағындырды. Ал, жеке ән орындаудан Мирас Базарбаев ІІІ орынға тұрақтады.
– Бұл жеңіс бізге оңай түскен жоқ. Тынымсыз дайындықтың арқасында келді. Сондықтан еңбектің еленгені деп білемін. Бірінші мәрте өткізілгенімен, біз сақадай-сай барып, шәкірттерімізбен мақтанып қайттық. Әлі де олардың білімі мен өнерін шыңдауға аянбай жұмыс істейміз, – дейді Г.Байдабаева.
27 ақпан 2018 ж. 1 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 081
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 671

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031