» » Қашықтан оқыту: 6 сәуірден басталған телесабақтар қалай өтуде?

Қашықтан оқыту: 6 сәуірден басталған телесабақтар қалай өтуде?

6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектептер қашықтан сабақ беру форматын іске асырады. Осы орайда төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына телесабақтар қалай өткізілетінін тағы да еске салуды жөн көрдік, деп жазады Сыр бойы газетінің сайты. 

1. Телесабақтар тиісті кестеге сәйкес өткізіледі, сабақ таңғы сағат 9:00-де басталады. Біріншіден, телеарналар арқылы сабақтар бұл «Балапан», «Ел арна» арқылы өткізіледі. Сабақ біреуінде қазақша, екіншісінде орыс тілінде жүргізіледі. Күніне 8 сағаттан эфир белгіленген. 2. Қашықтан оқыту аясында әрбір мұғалімнің шығармашылық қадамы ескеріледі. Бұрындары сабақ 08:00-де басталып, одан кейін 10 минут үзіліс беріліп, қайтадан келесі сабақ болатын. Ал қашықтан оқыту өзгеше жүргізіледі. Мектеп директорлары мұғалімдерден есеп беруді талап етпейді. Мұғалім әр баламен жекелей өткен материалды пысықтайды.
3. Телесабақтың әрқайсы 10 минутқа созылады. Осыдан кейін өткен тақырып бойынша мұғалім қосымша материал ұсынуы керек. Оқу құралына негізделе отырып, оқушылар үшін үй тапсырмасын дайындау қажет. Егер интернетке қосылу мүмкіндігі болса, онда «Bilimland», «Күнделік», «Дарын онлайн» секілді оқыту тұғырнамаларын қосымша пайдалануға кеңес берілген.
4. Кері байланысты электронды журналдар арқылы іске асыруға болады. Алты мыңнан астам мектеп «Күнделік» электронды журналына тіркелген. Сонымен қатар, пайдалануға болатын журналдардың басқа да түрлері бар. Егер олар қолжетімсіз болса, онда қағаз түріндегі дәстүрлі журналды пайдалану мүмкіндігі бар. Мұғалім оқушы қай тапсырмаларды орындағанын белгіліп, баланың жұмысын бағалайды


06 сәуір 2020 ж. 1 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 225
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031