» » Коронавирусқа шалдыққан қызылордалық екінші тұрғынның медбике екені анықталды

Коронавирусқа шалдыққан қызылордалық екінші тұрғынның медбике екені анықталды

Қызылорда облысында коронавирусты инфекцияға шалдыққан екінші тұрғынның аталған вирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді, деп жазады kyzylorda-news.kz
«Қазіргі таңда 1А категориясы елдерінен келген 32 адам карантиндік бақылауда. Оның ішінде, 9-ы стационарда, 23-і үй жағдайында. Бұған қоса, 1Б елдерінен келген 94 адам карантиндік бақылауда. Оның 12-і стационарда, 82 үй жағдайында. Сондай-ақ, мамандандырылған 2 эпидбригада ошақтары жұмыс жасауда», – деді Әлия Мүтәліпқызы.
Брифинг барысында облысымыздағы коронавирустық инфекцияға шалдыққан екінші науқас туралы мән-жай да баяндалды.
«Облысымыздағы коронавирустық инфекция жұқтырудың екінші жағдайы 1997 жылы туылған Қызылорда қаласының «Ақмешіт» шағын ауданы тұрғынынан анықталды. Ол – «Сенім» емханасының медбикесі болып жұмыс жасаған. Медбике кеше анықталған науқасқа ем-шара жасап, бақылағандығын ескеру керек. Науқастың қазіргі жағдай қанағаттанарлық, ыстығы жоқ, тыныс алу жолдары қалыпты, жөтелмейді», – деді Жақсылық Абдусаметов.
Еске сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдығудың екінші жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.
29 наурыз 2020 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 884
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 541

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930