» » Медиация – тиімді шешім

Медиация – тиімді шешім


Медиация тараптардың бітімгершілік келісімінің негізінде сотта судьямен немесе медиатормен жүзеге асырылады. Медиация еріктілік, медиация тараптарының тең құқықтылығы, бітімгершілік келісімін жасаушы медиатордың тәуелсіздігі мен алаламауы, медиация жүргізу рәсімдеріне өзгелердің кедергі келтіруіне жол бермеу,құпиялылық, қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігі қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Медиациялық тәртіппен іс жүргізу Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 48, 174, 179, 180, 194, 201, 246, 277 баптары және «Медиация туралы» заңның талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 179-бабына сай: тараптарбірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін беруге құқылы.
Сотта «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның енгізілуіне байланысты, тараптарға АПК-нің 48-бабының 1-бөліміне сәйкес дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімменісті аяқтау құқығы түсіндіріледі.
Медиацияның артықшылықтары төмендегілермен бекітіледі:
-іске қатысушы тараптардың мүдделерін ескере отырып, дауды (жанжалды) реттеу мақсатында медиатордың қатысуымен бітімгершілікке келу рәсімін жүргізу үшін жағдай жасау жолымен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру әрекетін жеделдету және даулы қарым-қатынастарды еңсеру;
-АПК-нің 169-бабының 2-бөлімінің талабына сай, бір істің ауқымында тараптардың бір-біріне қатысты барлық талаптарын реттеу үшін талап нысанасы мен негізін бірдей өзгерту мүмкіншілігінің болуы;
-Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 548-бабының талабына сай, сотқа талап арыз беру кезінде төленген мемлекеттік баждың толық көлемде қайтарылуы;
Тараптарға пилоттық жобаға қатысу жөніндегі өз ұстанымын жазбаша түрде білдіру және келіскен ретте 5 күн ішінде тараптардың медиация жүргізу жөніндегі медиатормен бекітілген жазбаша келісімін сотқа жолдау ұсынылады.
Көрсетілген мерзімде тараптар медиаторлармен медиация жүргізу туралы келісімді бекітуге немесе судьямен медиация жүргізу туралы талап-тілегімен сотқа жүгінуге құқылы.

Мейрамбек Есбаев,
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы
27 наурыз 2020 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031