» » 27 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

27 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар


Халықаралық театр күні
1962 жылдан бастап жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күн 1961 жылы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының Венада өткен 9-конгресінде бекітілген болатын.

1930 жылы Жетісудың Ақсу аймағы қазақтары Кеңес өкіметінің ұжымдастыру саясатына карсы көтеріліс жасады. Олардың қатары ресми деректерде 1 мың адамға дейін жеткен. Көтерілісті Егеубек Жанбайұлы, Қалдыбай Қылиұлы және Ғали Сатырбайұлы басқарды. 27 наурыз күні көтерілісшілер Ақсу елді мекенін басып алып, мемлекеттік мекемелерді өртеді, телеграф бағаналарын қиратты. Қару-жарағы жеткіліксіз көтерілісшілер өкімет әскерімен қақтығыста ойсырай жеңіліп, Балкаш қаласы маңындағы Жаман Жамал, Күшікжан секілді бұйрат-құм шоғырларын, жыңғылды мекендерді тасалап жүрді. Көтерілісшілердің іздеріне түскен атты әскерлер оларды құм ішінде қырғынға ұшыратты.

1965 жылы Өскемен титанмагний комбинаты пайдаланылуға берілді. Комбинатта кеуекті титан шығарылады.

1992 жылы «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. Қорды құрушы және жетекшісі – Сара Алпысқызы Назарбаева.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату туралы Хаттамаға қол қойылды.

2002 жылы ҚР ІІМ-де Кинология орталығы құрылды.

2007 жылы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі құрылды.

27 наурыз 2020 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930