» » Қызылордалық «Далатекс» маска шығаруда

Қызылордалық «Далатекс» маска шығаруда

Елімізде медициналық масканың жетіспеуі салдарынан қызылордалық «Далатекс» ЖШС-і маска шығаруды қолға алды. Бұл туралы компания басшысы, Өңірлік кеңес төрағасы Ділмұхамед Абызов айтып берді.
Кәсіпкердің  айтуынша, компания тәулігіне 10 мың дана маска шығаруда. Өнімнің басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына жіберіліп жатыр.
Айта кету керек, коронавирус салдарынан тауар жеткізілімдері тізбегінің үзілуі және ҚР-дың негізгі экспорттық позицияларына әлемдік бағалардың айтарлықтай төмендеуіне байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнеске түсетін теріс әсерді төмендету мақсатында Жедел штаб құру туралы хабарлайды
Жедел штабтың міндеттері:
- бизнеске келтірілуі мүмкін тәуекелдерді және ағымдағы экономикалық ситуациядағы теріс салдарды бағалау: импорттық шикізат, жабдық және қосалқы бөлшектерді сатып алудағы проблемалар; қаржыға қолжетімділік (қаражат айналымы, валюталық заем, қайта қаржыландыру қажеттілігі және т.б.);
- бизнестен алынған мәліметтерді күнделікті негізде жүйелеу және өңдеу;
- бизнестің дамуына мүмкіндіктерді анықтау (өткізу нарықтары, қолдау шаралары);
- бизнестен алынған мәліметтер негізінде Үкіметке ұсынымдар әзірлеу.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
12 наурыз 2020 ж. 735 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 797
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 498

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930