» » 500-ге жуық адам коронавирус қаупіне байланысты карантинде жатыр

500-ге жуық адам коронавирус қаупіне байланысты карантинде жатыр

Оңтүстік астананың қоғамдық денсаулық басқармасы қазіргі уақытта қалада COVID-19 инфекциясы бойынша "1а" санатына жататын мемлекеттерден ұшып келген 490 адамның карантинде жатқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Көрнекі фото

Ведомствода атап өткендей, оқшаулау шаралары Алматыдағы екі инфекциялық стационарда, сондай-ақ төрт медициналық орталықта жүргізілген.
Соңғы деректерге сәйкес, "1а" санатындағы елдерден (Иран, Қытай, Италия, Оңтүстік Корея) ұшып келген 490 адам екі апталық міндетті карантинге жатқызылған. 14 тәуліктен кейін инфекцияның қандай да бір белгілері анықталмаса, олар үйлеріне жіберіледі, содан кейін тағы 10 тәулік бойы телефон арқылы денсаулық жағдайлары бақыланады.
"1б" санатындағы елдерден (Франция, Испания, Германия) келген азаматтар да екі апта бойы бақылауда болады. Алайда, оларға карантин мерзімі біткенше үйлерінде болуға рұқсат берілген. Бұл азаматтардан да күнделікті телефон арқылы мүмкін болған ауру белгілеріне байланысты ақпарат алынып отырады.
Оқшауланған адамдардың жағдайы тұрақты, ешқайсында жаңа инвекцияның белгілері байқалмаған.
Коронавирус таралуының алдын алу бойынша шаралар арнайы өңірлік штабтың бақылауында. Барлық сұрақтарға байланысты 1406 нөмірі бойынша арнайы call-центр 24 сағат бойы демалыссыз қызмет етеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда карантин тәртібін бұзғандарға қандай шара қолданылатынын, сондай-ақ басқа елдерде бұл үшін қандай қатаң жазалар бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.
12 наурыз 2020 ж. 638 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 618
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 391

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031