» » Өнім қауіпсіздігін бақылау басты назарда

Өнім қауіпсіздігін бақылау басты назарда

ЖОСАЛЫ, 4 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басымды бағыттарының бірі – өнімдердің Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін анықтау, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-1V «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінің 21 бабы 5 тармағының 2)) тармақшасына сәйкес, өнімдер іріктеліп, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу.
Басқарманың санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу туралы қаулыны тіркеу журналы арналған, журнал нөмірленген, баулықтанған, басшының қолы, мөрі басылған, дүкендерден сатып алу жұмыстары жүргізілер алдында журналға тіркеліп, қаулылар шығарылды. Арнайы бекітілген кестелер негізінде және Қызылорда облысы ТКҚСҚБ департаментінің тапсырмаларына сәйкес 2019 жылы барлығы 17 дүкеннен 338 сынамаларды 505мың теңгеге сатып алу жұмыстары жүргізілді. Сынамалар ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалына уақытылы жеткізілді. Аудан көлемінде 2019 жылы сауда обьектілерінен төмендегі өнімдердің түрлеріне сатып алу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде; Ет және ет өнімдер -20, құс еті өнімдері - 6, консервілер ( балық)-3, май өнімдері - 34, сүт - 42, көк өніс консервілері - 34 ,сок - 27, балалар тағамы - 9, алкоголді арақ - 15, кондитер өнімдері – 55, минералды ауыз су - 4, вино -5, ұн - 4, жармақ - 4, виски -1, алкогольсіз сусын - 11,өзге - 17,тұз - 1,нан - 1, коняк - 1, жеке гигеналық - 8, тұрмыстық - 3, парфюмерия - 33 өнімдерінің сынамалары алынып зерттелді.
Зерттеулердің нәтижесінде 338 сынаманың 24-нен (0.07%) (9 сауда обьектісінен) сәйкес еместік анықталды, Бактериологиялық зетханадан 4 үлгіден 9 сәйкессіздік, санитарлық химиялық зертханадан 7 үлгіден 19 сәйкессіздік анықталды. Өнімдердің микробиологиялық, санитарлық-гигиеналық,физико-химиялық көрсеткішерінің бұзылуы және өндірушінің толық мәліметінің көрсетілмеуі,мемлекеттік тілде аудрмасы болмауы бұзушылығы анықталған. Анықталған кемшіліктер бойынша бұзушылықты жою туралы 9 ұйғарым берілді.
Аудан көлемінде 2019 жылы халық арасында тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық регламенттер, санитариялық қағидалар, сапалы және қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалану, тағам өнімінің қауіпсіздігін қадағалау тақырыптарында тағам өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, сатумен айналысатын кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, тұтынушылар арасында 2 дөңгелек үстел, 5 семинар өткізіліп, түсіндірме ақпараттандыру іс-шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, 2 базары мен сауда обьектілерінде «Қауіпсіз тағам таңда» атты 50 акция 2019 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айының 22-не дейін өткізілді. Акция барысында сапалы және қауіпсіз тағам өнімдерін пайдалану, тағам өнімінің қауіпсіздігін қадағалау, техникалық регламенттердің талаптары жөнінде түсіндірме-ақпараттандыру жұмыстары қатаң жүргізілуде .
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің алдын алу ,санитарлық талаптардың сақталуына аса мән беру қажет ,ол «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті талаптары :
1) техникалық реттеу объектілерін;
2) техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын;
3) техникалықреттеуобъектілерінсәйкестендіруережелерін;
4) техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді. Беларусия, Қазақстан және Ресей Республикаларында техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісімге сәйкес, 2010 жылдың 18 қарашасында «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 21/2011 Техникалық регламенті Кеден одағы комиссиясының 2011 жылы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітіліп, 2013 ж 1 шілдесінде күшіне eнген.
Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде Кеден одағына мүше мемлекет тердің ішкі және сыртқы нарығында ХАССП жүйесіне негізделген қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс.
Бұл техникалық регламент адамөмірі мен денсаулығын, дүние мүлігін және қоршаған ортаны қорғауға, тұтынушыларды жаңылыстыру іс-әрекеттерін алдын алу мақсатында жасақталды. Кеден одағының өзге техникалық регламенттері белгілейтін тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне және оларға қойылатын талаптарға байланысты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптар осы техникалық регламенттің талаптарын өзгерте алмайды.
Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны өндіру процесінде мынадай рәсімдер әзірленуі, енгізілуі және қолдау табуы тиіс:
1)тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімін өндірудің технологиялық процестерін таңдау;
2) өндірістік бақылау бағдарламаларындағы технологиялық операциялар мен тамақ өнімінің бақыланатын кезеңдерін оны өндіру кезеңдерінде айқындау;
3) азық-түлік шикі затқа технологиялық құралдармен, орауыш материалдармен, тамақ өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бұйымдармен, сондай- ақ тамақ өнімін бақылаудың қажетті шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдар мен бақылау жүргізу;
Тамақ өнімінің таңбалануы оның таңбалануы бөлігінде тамақ өніміне қатысты талаптарды белгілейтін Кеденодағының техникалық регламентінің талаптарына және Кеден одағының техникалық регламентінің тағам өнімдерінің жекелеген түрлеріне қойылған талаптарына сәйкес болуы керек.
Сәйкестікті бағалауды өткен тамақ өнімдері тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне Кеден Одағы техникалық регламенттерінде өзгеше белгіленбесе, Кеден Одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісімен таңбалануы тиіс.
Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылған тамақ өнімі белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде мақсаты бойынша пайдалану кезінде қауіпсіз болуға тиіс.
Айналымдағы тамақ өнімдерінде адам мен жануарлардың денсаулығы үшін қауіп төндіретін инфекциялық, паразитарлық ауруды қоздырғыштардың болуына рұқсат етілмейді.
Тамақ өнімдерінің жарамдылығы мерзімдері мен сақтау шарттарын дайындаушы белгілейді.
Қаптамаларды дайындау үшін пайдаланылатын материалдар, тамақ өнімдерімен байланыста болатын бұйымдар Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын тамақ қоспаларына, хош иістендіргіштерге және технологиялық құралдарға қойылатын талаптар Кеденодағының техникалық регламентімен белгіленеді.
Қорыта келгенде, адам өмірінде маңызды болыпта, болатында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық талаптар жоғары және басты назарда болмақ.
04 наурыз 2020 ж. 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031