» » Қызылорда: Жол апатынан үш адам көз жұмды

Қызылорда: Жол апатынан үш адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол-көлік апатынан үш адам көз жұмып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Оқиға 4 наурыз күні сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында болған. «Ваз-21214» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Opel Vectra»-мен соқтығысқан. 
Салдарынан үш адам мерт болды, тағы бес адам зардап шекті. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. 
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
04 наурыз 2020 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 120
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 317

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031