» » 2 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

2 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жоқ, күн ашық болады. Тек солтүстік пен орталықта қар немесе жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл және күндіз Қызылорда облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 17-22, 25 м/с дейін күшейеді. Түркістан, Атырау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
02 наурыз 2020 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 037
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 705

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031