» » Сәбит Әбдіхалықовтың денсаулығы нашарлап кеткен

Сәбит Әбдіхалықовтың денсаулығы нашарлап кеткен

М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының басшысы Сәбит Әбдіхалықов не себепті қызметінен кетіп бара жатқандығы жайлы айтып берді.
Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Біздің театрда 300-ден астам адам қызмет атқарады. Олардың пікірлері әртүрлі. Біз қазір бір отбасыдай болып кеткенбіз және олардың сөзі мен үшін хақ. Негізі бұл жағдайды үлкен шу жасамай-ақ қойғанда болар еді. Десек те олар жоғарыдағылардың жауабын ала алмаған соң БАҚ-қа жүгінуге мәжбүр болған", - деді театр басшысы. 
Оның сөзінше, Әбдіхалықов бұл лауазымға тағайындалған театрдың 14 миллион теңгелік қарызы болған. Бірақ мәдениет орталығының ұжымы бұл жүкті жұмыла көтеріп, бас-аяғы бірнеше жылдардан кейін мәселені шеше алыпты. Бұған қоса Асанәлі Әшімовтің көмегімен, театрға көрермендер қайта тартылыпты. Сөзін қорытындылай келе, ол әріптестерінен кешірім сұрап, жұмысын өзінің денсаулығына байланысты қалдырып жатқандығын қосты. 
"Шетелдік және қазақстандық дәрігер мамандармен сөйлесе келе, өзімнің жағдайымның нашарлап кеткеніне байланысты мен М. Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының басшысы лауазымын өткізіп бергім келеді. Осы уақытқа дейін бірге жұмыс атқарған театр ұжымына алғысымды білдіремін. Мен біздің орталықты көркейтуге ат салысқан әрбір қызметкерді мақтан тұтамын", - деп аяқтады сөзін Сәбит Әбдіхалықов. 
Еске салайық, театр басшысын орнынан алып тастағаннан кейін мәдениет орталығының қызметкерлері шу шығарған еді. Кейіннен бас көтерген әртістерді мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері сабырға шақырған болатын. Олар Әбдіхалықовты қайта жұмысқа қоямыз деп сендіріпті.


24 ақпан 2020 ж. 2 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930