» » Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді

   ЖОСАЛЫ, 18 ақпан – qarmaqshy-tany.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы ЫрзаТұрсынзада, Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин Қызылорда облыстық Полиция департаментінің жеке құрамыменен кездесті.
   Қоғам тыныштығын күзететін тәртіп сақшылармен өткен шараның негізгі мақсаты – сындарлы диалогтық алаң құру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлық көріністерінің алдын алу. Ағартушылық жиында сөз алған Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин парасатты қоғам құрудың маңыздылығын айқындап, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында адал қызмет етуге үндеді. Сондай-ақ, қоғам індетінің мемлекет экономикасына тигізер зардабы мен залалын жан-жақты түсіндіріп, киелі өңірді сыбайластықтан азат кіршіксіз мекенге айналдыруға шақырды. Өз кезегінде Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада ар үстінен аттаған парақорлықтың ауыр қылмыс екендігін атап өтіп, парасаттылық пен адалдық принцптерін кеңінен насихиттады.
18 ақпан 2020 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 959
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031