» » «Адалдық сағаттары» республикалық акциясы өтті

«Адалдық сағаттары» республикалық акциясы өтті

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті мен білім басқармасы бірлесіп, облыс бойынша барлық орта білім беру мекемелерінде «Адалдық сағаттары» республикалық акциясы өтті.
Аталған акцияға, Облыс әкімінің орынбасары Н.Байқадамов, департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, департамент қызметкерлері мен ақпараттық-ағартушылық штабының өкілдері, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің мүшелері, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, арнайы мониторингтік топтың және үкіметтік емес ұйымдарының, ардагерлер алқасының, әкелер кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ басқа да қоғам белсенділері қатыстырылды.
Адалдық сабақтары облыстағы 276 орта білім беру ұйымдарында өткізіліп, жалпы 18500 аса оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысындаоқушыларды өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақырды.
Сонымен қатар, «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жанынан жалпы білім беретін мектептер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 2019-2020 оқу жылы қарсаңында Парасаттылық мектептері құрылғанын, оның негізгі мақсаттарын түсіндіріп, алдағы уақытта осындай сабақтар әлі де ұйымдастырылатындығын жеткізді.
20 қаңтар 2020 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 877

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930