» » Облыс активімен кездесу өтті

Облыс активімен кездесу өтті

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі, Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы, этнодизайнер, Президенттің "Алтын сапа" сыйлығының иегері, "Құрмет" орденінің кавалері, қоғам қайраткері - Ырза Тұрсынзада және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі - Арман Бердалин мен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс активімен кездесу өткізді.
    Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
    Кездесу барысында Ырза Тұрсынзада - мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты құқықбұзушылықтың алдын алуға, парасатты қоғам құруға бағытталғандығын хабарлап, департамент қызметкерлерін өз қызметтеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тиімділігін арттыру үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет екендігін баяндап өтті.
    Сонымен бірге, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі Арман Бердалин - азаматтар мен мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді мемлекеттік органы болу үшін аянбай жұмыс істеп, барлық күш-жігерін салу қажеттігін хабарлады.
17 ақпан 2020 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 192

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 308

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930