Қорқыт ата ескерткіші – Ұлы Дала өркениеті
ЖОСАЛЫ, 11 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Қорқыт мұраларын насихаттау бағытында К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі мен «Қорқыт ата» музейінің ұйымдастыруымен «Қорқыт ата ескерткіші-Ұлы дала өркениеті» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында музейдің экскурсоводы Н.Канибаев музей қорының экспонаттарының тарихи маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, жыраулар үйінің қызметкері, өлкетанушы А.Скендиров Қорқыт ата ескерткіш-кешенінің салыну тарихына, көркемдік деңгейіне, тарихи мифологиялық мазмұны мен заманауи талаптарға сай терең архитектуралық шешіміне және соңғы үлгіде жасалған берік құрылыс материалдарымен қайта жаңғыртылған жұмыстарына тоқталды. Сөз барысында №121 мектептің тәлімгері, тарих пәнінің мұғалімі Т.Бұқпанов мұндай тағылымды шаралар жастардың тарихқа, отанды сүюге бағыттайтындығын атап өтсе, К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің директоры А.Бүрлібаев: Қорқыт ата мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік түрлі айшықтары, тарихи белгілер мен жәдігерлік деректерінің бірі оның күйлері екендігіне тоқталып өтті.

Қорыта келе, бұл күнде соққан желмен бірге күңіреніп күй шертетін Қорқыт ескерткіші жолаушылар мен келушліердің, халықтың зиярат ететін қасиетті жеріне айналған. Осындай ұлттық мұраларымызды жас ұрпаққа насихаттаудағы шаралар жалғасын таба бермек.