» » Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялады

Қазақстан өз азаматтарын Уханнан эвакуациялады

2 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Шұғыл медицина координациялық ұлттық орталығы Қазақстанның 83 азаматын елге жеткізді, олардың 80-і Уханда оқып жатқан студенттер, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында елге қайтып келе жатқан азаматтарды қазақстандық дәрігерлер бақылап отырған.  "Денсаулығын тексергеннен кейін елге оралғандар елордадан 7 шақырым жерде орналасқан елордалық көпсалалы ауруханаға қарасты инфекцияға қарсы корпусқа 14 күнге карантинге жатқызылды", - деп жазылған хабарламада. 
Аурухана қажетті инфекциялық қауіпсіздік технологиясымен, заманауи диагностика, ем және реанимациялық құрылғылармен жабдықтылған. Мұнда эвакуацияланған тұрғындар қосымша тексерістен өтеді. Оларда коронавирус инфекциясының бар-жоғары тексеріледі. 
Карантин кезінде олармен инфекциямен күрес бойынша тәжірибесі бар медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. 
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған.
1 ақпандағы жағдай бойынша, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 304-ке, ал вирус жұқтырғандардың саны әлем бойынша 14 380-ге жеткен.
03 ақпан 2020 ж. 742 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031