Топ-баннер
» » Египетте 60 жыл бойы жабық тұрған мумия қоймасы табылды

Египетте 60 жыл бойы жабық тұрған мумия қоймасы табылды

Египеттік қауіпсіздік қызметі қаскөйлердің арқасында 60 жыл бойына жабық тұрған артефактілер қоймасын тапты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұрылардың Каир түбіндегі Сакара қаласы маңындағы қойманы тонамақ болған жоспарын мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері алдын ала біліп қойыпты. Қауіпсіздік өкілдері транспорттық полициямен бірлесе әрекет етіп, ұрылар тонамақ болған қойманы іздестіреді. Құнды дүниелер қоймасы ежелгі Мысырда билік еткен  Птаххотепа I сұлтанының моласы жанынан табылыпты.
Al-Masry al-Youm басылымының жазуынша, моланы ағаш есікпен бөліп тұрған қойма екі бөлмеден тұрады екен. Есіктегі жазуда бақылаушының оны соңғы рет 1960 жылы жапқаны жазылыпты.
Қойма ішінен мумиялармен қатар, өзге де аса маңызды тарихи бұйымдар сақталған 12 саркофаг табылған.       
Айта кетерлігі, біршама уақыт бұрын ғалымдар Египеттің солтүстігінен табылған ежелгі саркофагтағы жазудың құпиясын ашқан еді. Саркофагтан табылған «Екі жол» кітабында ақиреттік әлемнің картасы мен о дүниелік болғандардың саяхаты жайлы жазылыпты. 
28 қаңтар 2020 ж. 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 511
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728