Топ-баннер
» » Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға қатысты лимит белгілеу ұсынылды

Қазақстанда жол ережесін бұзғандарға қатысты лимит белгілеу ұсынылды

Сенатор Андрей Лукин жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Салаға қатысты ұсыныстарды айтқым келеді, олардың біразы полиция қызметкерлері тарапынан ұсынылған еді. Осы орайда бұл мәселе жеке адамдардың жол ережесін жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершілік тақырыбына арналып отыр. Олар жыл ішінде үш және одан да көп мәрте ереже бұза отырып, көлік басқарады», - деді А. Лукин елордадағы Полиция департаментінің ұжымымен кездесу барысында.
Депутат қазіргі кезде осы тектес ереже бұзушылықтар үшін бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.
«Жол ережесін бұзғаны үшін балл есептеу жүйесін әзірлеп, енгізуге қатысты тиісті ұсыныс жасалуда. Оның ішінде «Сергекпен» тіркелген фактілерді де қамту жағдайы айтылуда», - деді сенатор.
Бұл тұрғыда ол осындай жүйеде жазалау шаралары лимиттен асып кеткенде іске асырылатынын атап өтті. Сөз соңында депутат бұл мәселелерді барлық мүдделі тараптармен және қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылау керектігін айтты.

15 қаңтар 2020 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (10482)

24 ақпан 2026 ж.

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 512
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 335

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728