» » Заңнамаларға сәйкес сауалдар талқыланды

Заңнамаларға сәйкес сауалдар талқыланды

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық және әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.


Кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші Республикалық медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов және Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов және "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Ж.Тұсмағанбетов арнайы шақырылды.
Кездесу барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалылығы, заңнамалардыңның сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың маңыздылығы сөз болды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші Республикалық медиа-орталығының» төрағасы Т Байғұлов өз сөзінде азаматтар мен бизнестің мемлекеттік құрылымдармен кез-келген әрекеттесуі көбіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер кезінде болатындығын, сол себепті әкімшілік кедергілерсіз мемлекеттік қызмет көрсету бұл әрбір қызмет көрсетушінің міндеті болып табылатындығын атап өтті.
Сондықтан кәсіпкерлердің құқықтарын сақтау және азаматтармен қызметтік міндеттерді орындау барысында мемлекеттік органның имиджін жақсартуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б. Ниязов өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мекемелер қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілгенін, олардың нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар берілгендігін айтты.
Кездесу барысында департамент басшысы Г.Байменова Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауына ерекше көңіл бөлінетіндігін айрықша атап өтті.
Департаментпен халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін жасалған шаралар барысын баяндады. Атап айтқанда:
✅мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус пен арнайы қоңырау көзделген.
✅электронды түрде мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда департамент мамандары туындаған барлық мәселелер бойынша кеңес береді.
✅азаматтардың өтініштері "бір терезе" қағидаты бойынша қабылданады.
✅Әдеп жөніндегі уәкіл жүргізетін мамандардың анонимді сауалнамасына арналған жәшік орнатылған. Әр маман әріптестеріне, жетекшісіне, ұжымдағы моральдық-климаттық ахуалға қатысты оң немесе теріс пікір қалдыра алады.
Бұдан бөлек Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Азирова сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мен әдеп нормаларының сақталуы бағытында Департаментте атқарылып жатқан шаралардан ақпарат берді.
Кездесу соңында Депртамент қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, заңнамаларға сәйкес жауаптар берілді.
09 қаңтар 2020 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 160

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 293

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930