» » Қармақшылықтардың 99 пайызы медициналық сақтандыруға тіркелді

Қармақшылықтардың 99 пайызы медициналық сақтандыруға тіркелді

Қармақшы ауданы тұрғындарының 99 проценті медициналық сақтандыруға тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы аудандық емханада бүгінгі күні 32 мыңнан астам тұрғын тіркеуге алынған. Жаңа жүйе екі түрлі қызмет пакеті бойынша жүзеге асады. Біріншісіне – жедел медициналық жәрдем мен созылмалы ауру түрлерін емдеуге қатысты кепілдендірілген көмек түрлері жатады. Ал екіншісіне жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен операциялар және дәрігердің кеңесі кіреді. Тегін ем-дом шаралары мемлекеттік және жеке емдеу мекемелерінде бірдей жүргізіледі. Бақытжан Нысанбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері:
– Сақтандыру аясында қандай қызметтің көлемі керек, науқасқа сол қызметтің бәрі көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған көмектерді бұрын алу қиын болса, қазіргі таңда осының арқасында жеңілдетіледі. Ол ақшаны аз төлей ме, көп төлей ме, оның қызметі қандай, жасы қаншада, оған қарамайды, барлық көмекті Қазақстандағы азаматтар бірдей көлемде алады.


08 қаңтар 2020 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 059
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031