» » Ғарышкерлердің 2020 жылды 16 рет қарсы алуға мүмкіндігі бар

Ғарышкерлердің 2020 жылды 16 рет қарсы алуға мүмкіндігі бар

Роскосмос ғарышкерлері Александр Скворцов пен Олег Скрипочка Халықаралық ғарыш станциясы бортынан видеоқұттықтау жіберді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Ғарышкерлер құттықтауларында әлемде болып жатқан түрлі келіспеушіліктер мен дауларға қарамастан Жердегі және ғарыш станциясындағы адамдар бір-бірімен достық қарым-қатынасты негізгі ұстаным етеді. Қазір ХҒС-дағы вахтада алты космонавт мен астронавт бар: ресейлік Александр Скворцов пен Олег Скрипочка, америкалықтар Эндрю Морган, Кристина Кук, Джессика Меир және итальяндық Лука Пармитано. Роскосмостың қорытынды есебі бойынша, 2019 жылы ХҒС-да төрт транспорттық пилоттық кеме ұшырылды, олардың біреуі пилотсыз режимде, ал үшеуі транспорттық жүк кемелері болды. Станцияға экипаж құрамының 9 адамы (олар жұмыс аяқталған соң Жерге оралды), 5 тонна жүк, сонымен қатар бірқатар ғылыми-қолданбалы зерттеу нәтижелері жеткізілді. Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер бір тәулікте Жерді 16 рет айналып ұшып шығады және соншалықты күн мен түнге кез болады. Яғни, оларда 2020 жылды 16 рет қарсы алу мүмкіндігі бар.

31 желтоқсан 2019 ж. 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031