» » Ұстаздар алғыс айтты

Ұстаздар алғыс айтты

ЖОСАЛЫ, 26 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ұстаздар дән риза. 23.12.2019ж күні Тұрмағамбет ауылында Тұрмағамбет «ЖШС»-де «Сабантой – 2019» шарасы өтті.


Ауылды дүбірлі мерекеге бөлеген іс шараға Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана Сәлима Жұмабекова, Аудан әкімі Мұса Оспанұлы Қалдарбеков, Аудан әкімінің орынбасары Әділ Үсенұлы Қошалақов, Аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы Ерманов қатысып, ел – халықтың берекесі тасыған мерекелі күндеріне қуаныштарына ортақтасып құттықтау лебіздерін арнады. Жаңадан ашылған «Сәлима Ана» балабақшасына аялдап, бүлдіршіндерге жаңа жыл қарсаңында мол ойыншықтар тарту етілді. Сәлима апай батасын берді. Мерекелік шара ауылдың Қуандық Бүрлібаев атындағы клуб үйінде жалғасты. Нұржан Пірмантаев басқаратын Тұрмағамбет «ЖШС» барша халықты қуанышқа бөлеп, ауылдағы аз қамтамасыз етілген отбасыларына теледидар сыйлығын тарту етті. Одан кейін әр мекемелерге мерекелік шарадан естелік қалдырды. Ең маңыздысы мектеп мұғалімдерін қуантқаны болды. Мұғалімдер бөлмесіне үлкен стол, он орындығымен, екі диван, төрт люстра, бір кілем, киім ілетін шкаф стол, кресло бұйымдарын сыйға тартты. Халықтың баласын тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымына жаңа жыл қарсаңында қолдау көрсеткен Нұржан Айдарбекұлына, шаруашылық қызметкерлеріне, ауыл еңбеккерлеріне барша ұстаздар атынан алғыс айтты.
26 желтоқсан 2019 ж. 1 579 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 346
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930