Құрылтай
» » Бастауыш партия мүшелері марапатталды

Бастауыш партия мүшелері марапатталды

ЖОСАЛЫ, 19 желтоқсан – qarmaqshy-tany.kz Ел Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай, «Nur Otan» партиясының мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы белсенді қызметтері үшін «Теміржол» бастауыш партия ұйымына қарасты партиялық топ мүшелерін марапаттау рәсімі өткізілді.
«Теміржол» бастауыш партия ұйымының төрайымы Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы партия мүшелерін еліміз үшін айтулы мереке Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік жүргізушісі Бектай Қаужанұлы және аудандық ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жағыпар Асанұлы «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызының алғыс хатымен марапаттаса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Еркінбек Бөрібайұлы «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлының алғыс хатымен марапатталды.
19 желтоқсан 2019 ж. 1 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31