» » «Байқоңыр» кешенінде қандай құрылыс жұмысы жүреді

«Байқоңыр» кешенінде қандай құрылыс жұмысы жүреді

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау турал» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.
«Заң жобасы «Бәйтерек» жобасын іске асырудың негізгі шарттарын өзектендіруді көздейді. Алғашында жобаны «Ангара» ресейлік зымыранның негізінде іске асыру жоспарланған болатын. Бірақ, «Ангара» зымыраны уақытында дайын болмағандықтан, Тараптар жобаны іске асырудың көптеген әртүрлі нұсқаларын қарастырып, талдау жасады. Мәселені қосымша пысықтаудың нәтижесінде Тараптар жобаны «Союз-5» зымыраны негізінде іске асыруды шешті. Жалпы алғанда, Ресей Федерациясы зымыранды жасау үшін жауап береді, ал біз жерүсті инфрақұрылымы үшін жауап береміз», - деп тоқталды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев.
Оның сөзіне қарағанда, осы жобада Ресей тарапы «Союз-5» зымыранды, техникалық және старттық кешендерінде бақылау-тексеру жабдықтарын құруды, сондай-ақ үдемелі блоктың техникалық кешенін, ғарыш аппаратын және ғарыштық бастиек бөлігін жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Осы жұмыстар 916 млн АҚШ доллары сомасында бағаланды. Жаңғырту мақсатында 2018 жылы «Байқоңыр» айлағының 42,43 және 45-ші алаңдарында орналасқан «Зенит-М» кешенінің 243 нысаны Қазақстан тарапына берілді. «Қазақстан тарапы «Зенит-М» кешенінің жерүсті инфрақұрылымы нысандарын қайта жаңарту мен жаңғыртуды жасайды. Старттық және техникалық кешендерді жаңғырту, жұмыс істеп тұрғандарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту, сондай-ақ жерүсті ғарыш инфрақұрылымының жаңа объектілерін салу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жұмыстар 233 млн АҚШ долларымен бағаланады. Жерүсті кешенін жаңғырту және құрылыс жұмыстары кезінде қазақстандық компанияларды барынша тарту жоспарланады, ол қосымша жұмыс орындарын береді. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін іске қосу - «Байқоңырды» ең белсеңді ғарыш айлағы ретінде сақтауға мүмкіндік береді. Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешені бойынша стратегиялық әріптестік пен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді», - деді Асқар Жұмағалиев.
18 желтоқсан 2019 ж. 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031