» » Қалада «Алтынай» сауда үйі ашылды

Қалада «Алтынай» сауда үйі ашылды

Қызылорда қаласында киімдер сататын «Алтынай» сауда үйі ашылды.
Кәсіпкер Айнұр Қожагелдиева аталмыш сауда үйін салуға бекінгенде алдында осыншалықты қиындық кездеседі деп ойламады да. Сауда нарығында 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер тауарларын жалға алған орында емес, өз нысанында сатуды ұйғарып, қала аумағынан жеке адамнан жер телімін, дайын эскиздік жобасымен бірге сатып алады. Алайда аталмыш аумақта құрылыс жұмыстарын бастаған сәттен жергілікті атқарушы орган тарапынан кедергіге ұшырайды.
Кәсіпкерлер палатасына өтінішпен жүгінген Айнұр Қожагелдиеваға Палата мамандары жан-жақты заңгерлік көмек көрсетіп, жобасын 9 ай көлемінде барлық инстанцияда сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде кәсіпкер жаңа нысанын 40 млн.теңгеден астам қаржыға салып, толықтай іске қосты. Жаңадан ашылған екі қабатты нысанда шұлықтың, қолғаптың, өзге де киімдердің түр-түрі бар. Одан өзге жуынатын, қолданатын химиялық заттар, қыздардың шаштарына тағатын бантик, ободоктың түрлері, жанға не керек барлығы бар.
Нысанның салтанатты ашылу шарасында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов, Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Болат Нұрхожаев және өзге де қала тұрғындары қатысып, кәсіп иесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Айнұр Қожагелдиева «Алтынай» сауда үйін салу арқылы 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сауда үйінің ашылу салтанатына орай ол тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім-кешектер таратты. Кәсіпкер алдағы уақытта өңірде өндіріс орындарын да ашуды көздеуде.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

11 желтоқсан 2019 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

№24 (10392)

05 сәуір 2025 ж.

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 593
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930