"Жомарт жүрек" сыйлығы лауреаттарын марапаттады
Облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен облыстық «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

Аудандық, қалалық кезеңнен үздік деп танылған 40 үміткердің ішінен облыстық комиссия мүшелері анықтаған 6 номинация бойынша бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.
- «ЕРЕН ЕРІКТІЛІК» номинациясымен «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының төрағасы СИЮОВ САҒАТБЕК ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ;
- «ТУҒАН ӨЛКЕ» номинациясымен Сырдария ауданы «Мади қажы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры СҰЛТАНОВ СЕЙТКАМАЛ АБЗАЛҰЛЫ;
- «ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ» номинациясымен «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры СӘРСЕНБАЕВ МҰРАТ АБАЙҰЛЫ;
- «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» номинациясымен «Еңбек-Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры ИСКАКОВ ШАКИЗАТХАН ӘБДІҒАППАРҰЛЫ;
- «СЫР ҚАМҚОРШЫСЫ» номинациясымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысындағы «Зекет» қорының жетекшісі, «Ерназар Мақсұм» мешітінің имамы ЖИДЕБАЕВ ОҢТАЛАП ТАСБУЛАТҰЛЫ;
- «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ» номинациясымен «ЖАҢАРҒАН ЖАҢАҚОРҒАН ЖАСТАРЫ» еріктілер ұйымы марапатталды.
Қашан да қиналғанға қамқор, сүрінгенге сүйеу, жылағанның көз жасын сүрте білетін, жүрегі жомарт азаматтардың мерейі әрқашан үстем болсын!