» » Келесі жылы ұстаздардың жалақысы 25%-ға өседі

Келесі жылы ұстаздардың жалақысы 25%-ға өседі

28 қараша күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға білім және ғылым министрі Аймағамбетов қатысыпты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 
"Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердың жалақысы 25%-ға көбейеді деген сөз", - деді өз сөзінде Аймағамбетов.
Еліміздің бас мұғалімінің айтуынша, Заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған.
Бұған қоса мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Атап айтарлық жайт, заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер етеді.
Сонынмен қатар педагог мәртебесін арттыру оның қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді көзделетіні айтылды. Сондықтан заң жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ұстаз ретінде кәсіби қызметін жүзеге асыруға алғаш рет кірісетін тұлғалар педагог біліктілігінің сәйкестігін растауы тиіс екен. 
Ведомство басшысының айтуынша, мұғалімдердің балаларына балабақшаларға бірінші кезекте орын беру тәртібі, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапатының жаңа түрі сияқты бірқатар материалдық емес стимулдар көзделген. Бұдан басқа әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме жалақы, денсаулық сақтау, «Үздік педагог» иегерлерінің гранты сияқты барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталған.
30 қараша 2019 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930