» » Ұстаз бен дәрігердің жалақысы елдегі орташа айлықтан жоғары болуы тиіс

Ұстаз бен дәрігердің жалақысы елдегі орташа айлықтан жоғары болуы тиіс

  Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Сапар барысында ол мұғалімдер және білім саласының басқа да қызметкерлерімен кездесті деп абарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

    Кездесу барысында вице-премьер президенттің тапсырмасы бойынша педагогтардың мәртебесін арттыру, оларды материалдық қамтамасыз ету деңгейін жақсарту және білім беру саласының басқа да мәселелері шешілетінін атап өтті. Тиісті заң жобасы Парламентте қаралуда.
 – Әрбір елдің дамуы білім, денсаулық сақтау, азаматтардың мәдениетіне байланысты. Біздің балаларымыздың халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы білім алуы маңызды. Сондықтан біз мұғалімдердің мәртебесін, олардың материалдық қамтамасыз етілуін арттыруымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Келешекте біздің мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы ел бойынша орташа жалақыдан жоғары болуы тиіс, – деді Б.Сапарбаев. Сондай-ақ, вице-премьердің пікірінше, мектеп директорларының жалақысы сапалы көрсеткіштерге байланысты болуы тиіс.
   – Мысалы, бұл мектепте 4000 бала, ал көрші мектепте 500 бала оқиды. Жүктеме әртүрлі, ал директорлардың жалақысы бірдей. Сондай-ақ, оқу сапасы, "Алтын белгі" алатын түлектерінің саны, тәртібі және басқа да көрсеткіштер ескерілмейді. Бұл мәселелер жаңа заңда ескеріледі, – деді вице-премьер.

27 қазан 2019 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 693
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 435

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031