» » Қызылордалық күрішшілер рекорд жаңартты

Қызылордалық күрішшілер рекорд жаңартты

Биыл қызылордалық күрішшілер әр гектардан 60,3 центнерден өнім жинап, 530,5 мың тонна күріш салысы қамбаға құйылып, жаңа рекордқа қол жеткізді. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді, дейді Kyzylorda-news.kz. 
Аймақ басшысы күріш егуді оның алқабын өсіру есебінен емес, күріш өндіру тиімділігін арттыру есебінен дамытуды көздейтінін айтты.
«Биыл күрішшілеріміз жаңа рекордқа қол жеткізді. Әр гектардан 108 центнерден өнім алған күрішшілер де бар. Бұл облыс тарихындағы ең үздік нәтиже, әйтсе де, аяқ судың тапшылығынан қиын болады деген қауіп болды. Бірақ, бұл мәселені шеше алдық. Сонымен қатар, күріш тұқымын сауықтыру және вегетациясы қысқа, бәсекеге қабілетті отандық сорттардың үлесін арттыру бойынша да бірқатар жобалар іске асырылуда. Биыл “Сыр сұлуы”, “Ай-Керім” және басқа да отандық сорттар бірнеше шаруашылықтарда егілді», – дейді облыс әкімі.
Айта кетейік,  Қызылордада күріш таяу шет елдерден басқа,  қазір Монғолия, Түркия, Ауғанстан елдеріне экспортталуда.  
22 қараша 2019 ж. 1 067 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 690
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031