» » Медиация – мәміле алаңы

Медиация – мәміле алаңы


Медиация – тараптарға дау бойынша белгілі бір келісім дайындауға жәрдемдесетін үшінші бейтарап, риясыз, бұл жанжалда мүддесі жоқ тараптың, яғни медиатордың қатысуымен жанжалды шешудің балама түрі, бұл жағдайда тараптар дауды реттеу бойынша шешімді қабылдау процессін және оны шешу шарттарын толығымен бақылай алады. Жаңа институттың міндеті оның атауымен айқындалады:
медиация – делдалдық, яғни тараптарға жанжалды сот және соттан тыс тәртіпте шешудің екі жаққа да жарамды шарттарға қол жеткізуде жәрдемдесу.
Татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу барысында тараптар бір бірінің материалдық жағдайын және уақыт үнемделетінін, сонымен қатар екі тараптың әуждері ескеріле отырып ерікті түрде жасалады. Аталған келісімдер заңға қарама қайшы келмейді сот процесінің кез келген сатысында қолдануға болады және келісімдер сотпен бекітіледі. Сот істің бұл тәртіппен тоқтатылатынын және тоқтатудың құқықтық салдарын түсіндіріп ұйғарым қабылдайды.
«Медиация туралы» заң ережелерін жұртшылыққа насихаттау мақсатында Қармақшы аудандық соты тарапынан өткізіліп жатқан әр айдың соңғы аптасының дүйсенбі күнінде болатын «Ашық есік» күніне қатысып, медиатор туралы толық мәліметтерді алуға болады және де толғандырып жүрген сұрақтар бойынша толық мәлімет алуға болады.

Қармақшы аудандық сотының
бас маманы С.Жалгасбаева
21 қараша 2019 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 986
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031