» » Азамат Сатыбалдының әйелі сырқаттанып қалды (фото)

Азамат Сатыбалдының әйелі сырқаттанып қалды (фото)

Көптің қошеметіне бөленген «Фариза» спектаклі 15-16 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына ұсынылады деп жоспарланған еді. Алайда, келесі күні  афишадан алынып тасталынған. Себебі, басты рөлді сомдайтын актриса Назгүл Карабалинаның денсаулығы сыр берген көрінеді.


Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласының Жастар театрында "Фариза" спектаклі сахналануы керек еді. Алайда қойылым жоспарланған уақытта көрермен назарына ұсынылмаған, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталының тілшісі.
Көптің қошеметіне бөленген «Фариза» спектаклі 15-16 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына ұсынылады деп жоспарланған еді. Алайда, қойылым тек 15-і «Жастар» театрында сахналанып, келесі күні  афишадан алынып тасталынған. Себебі, басты рөлді сомдайтын актриса Назгүл Карабалинаның денсаулығы сыр берген көрінеді. Бұл жағдайға байланысты идея авторы Айнұр Көпбасарова инстаграм желісінде халықтан кешірім сұрап, билет сатып алған жандарға қаражатын толығымен қайтарамыз деп арнайы пост жазды.
«Құрметті өнерсүйер қауым! «Фариза» спектаклін астаналықтар ұзақ күткен еді. Билеттер де бір апта бұрын сатылып кетті. Кеше көрермендер көптен күткен Фаризасымен сағынып қауышты. Ал бүгін «Фариза» сахнаға шыға алмады. Басты рөлді сомдаған – Назгүл Карабалина аяқ астынан ауырып ауруханаға түсті. Бүгін «Фаризаны» көре алмаған театрсүйер қауымынан тағы кешірім сұрай отырып, дүйсенбі күні барлық билеттер құны сіздердің жеке шоттарыңызға қайтарылатынын хабарлаймын» – деді бас продюсер Айнұр Көпбасарова.
Бұл келеңсіз оқиғаға көрермендер де түсіністік танытып отыр. Желі қолданушылары актрисаға ізгі- тілектерін жазып, қойылымды асыға күтетіндерін айтты.
«Билет құны Назгүлдің денсаулығынан артық емес қой. Алладан амандығын сұрап отырмын. Жүрегі, жаны нәзік жан ғой. Тез сауығып кетсін. Бәрі де жақсы уайымдамаңыз. Назгүл ханымның тез сауығып кетуіне тілектеспіз!» – деді Көпбасарованың оқырмандары.
Айта кетейік, «Фариза» қойылымы алдымен Алматы қаласы Мұхтар Әуезов театрында сахналанып, мәскеуліктердің де назарына ұсынылған еді.

18 қараша 2019 ж. 1 001 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 131

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930