» » Облыстық еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті

Облыстық еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті

ЖОСАЛЫ, 1 қараша - qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық жастар ресурстық орталығында «Сенің еңбегің, сенің ертеңің» обылстық еңбек маусымының қорытынды кеші және жастар балы ұйымдастырылды, деп жазады syrboyi.kz.


Аталған шараға Қызылорда облысына қарасты аудан орталықтарында «Жасыл ел» жасағында жұмыс жасаған жастар, командирлер, жастар ұйымдарының өкілдері, қаламыздағы оқу орындарының «Жастар ісі» жөніндегі комитет жетекшілері және белсенді жастар қатысты.
Жазғы маусымда еңбек жасаған жастардың ішінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «Үздік аудан» номинациясы бойынша Жалағаш ауданы марапаталды. «Үздік сарбаз» номинациясымен Шиелі ауданынан келген сарбаз Асетхан Жантілеу Саматұлы иеленсе, «Үздік командир» номинациясымен Жаңақорған ауданы Ералиев Алишер марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласы бойынша жұмыс жасаған «Жасыл ел» жасағының жастаырына арнайы алғыс хаттармен табысталды. Мерекелік кеш өз жалғасында дәстүрлі және замануи ән шырқалып көңілді би кешіне жалғасын тапты. 
01 қараша 2019 ж. 776 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930