Ашық есік күні өтеді

«Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру», «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру»;
«Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру»;
"Азаматтардың бастамаларын қолдау" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу» әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалып, талқыға салынды.
Шараға қатысқан белсенді жастар ұйымдары, техникалық білім беру ұйымдарының белсенді студенттері мен жастар комитеті мүшелері аталған әлеуметтік жобалардың ұйымдастырылуы мен орындалуы бойынша ұсыныс пікірлерін білдірді.
Жастар ұйымдарымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар бойынша келесі Ашық есік күні 11 қазанда (Жұма) өткізіледі. Келемін деушілерге есігіміз ашық. Ұсыныс пен пікірлерді тыңдауға әзірміз.