» » Менторлық жүйе жастар арасында кеңінен насихатталды

Менторлық жүйе жастар арасында кеңінен насихатталды

ЖОСАЛЫ, 28 қазан - qarmaqshy-tany.kz «Ментор» ұғымы кәсіби жандардың арасында танымалдыққа ие. Ауызекі тілде айтсақ, ментор – стартап жоба жетекшісіне ақысыз көмектесетін, кәсіби мақсатына жетелейтін адам. Бүгінде менторлық қозғалысты дамыту мақсатында жастар саясаты мәселелері басқармасының базасында менторлық орталық жұмыс істеуде. Жастардың мамандық таңдап, кәсібилігін арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахим менторинг әдісі бойынша жастарға бағыт-бағдар беріп, жан-жақты жұмыс жүргізуде.
Ол бүгінде ауданға қарасты бірқатар ауылды аралап, жастармен кездесу ұйымдастыруда. Жастардың ойында жүрген түрлі түйіткіл мәселелермен бөлісіп, бағыт-бағдар беру арқылы түсіндірме жұмысын жүргізіп қайтты.
– 21 ғасырдың талабының бірі – жастар арасындағы менторлық пен тәлімгерлікті дамыту. Ментор жастарға өз арман-мақсатына жетудегі іс-әрекеттерін жоспарлау және оны бірге жүзеге асыру үшін керек, – деді Әділ Ыбрахим.
АҚШ-тың Endeavor компаниясы жуырда Нью-Йорктегі стартап жобасы жетекшілерінің арасында тәжірибе жүргізді. Олар мың стартап жобаны зерттеп, нәтижесінде соңғы 10 жылда Нью-Йорктегі табысты компанияның 30 процентімен ментор жұмыс істегенін анықтады. Мәселен Стив Джобс өмірден озған кезде, Марк Цукерберг оны өзінің менторы болғанын айтты. Сондықтан "Ұстазы бардың ұстанымы жақсы" деген халықтың даналығы бүгінде де өз маңыздылығын жоймаған.
28 қазан 2019 ж. 1 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 355
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930