» » Әлем тербеткен әуен

Әлем тербеткен әуен

Облыстық филормонияның концерт залында қазақ музыка әлемінің ұлы тұлғасы, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, композитор Еркеғали Рахмадиевтің шығармашылығына арналған «Әлем тербеткен әуен» атты кеш өтті, деп хабарлайды syrboyi.kz. 
Еркеғали Рахмадиев қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры, симфония­лық күй жанрының негізін қалаушы, «Қамар сұлу», «Дала таңы», «Алпамыс» операларының және «Құдаша-думан» симфониялық күйлерінің, «Аман­гелді толғау» сим­фо­ния­лық поэмаларының авторы.
Кеште М.Мақұлбеков, А.Ерболат, А.Хайрулла, Г.Нағашыбай, Ж.Жүсіпов, ­С.Байсейітова атақты композитордың «Сағындым еркем», «Алматы кеші», «Таң самалы», «Қамар сұлу», «Махаббат таңы» секілді шығармаларын тыңдарман құлағының құрышын қандыра орындады.
Қазақ музыка өнерінің дәуір дастанын толғаған тұлғаның жүрек түкпірінен шыққан әуендер өз өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
09 қазан 2019 ж. 1 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 996
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031