» » Gakku Дауысы 2019: музыка фестиваліне қанша адам келді?

Gakku Дауысы 2019: музыка фестиваліне қанша адам келді?

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қаласында "Gakku Дауысы" эстрада фестивалі өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған музыкалық шара алтыншы мәрте өткен және концертті көрушілер саны бойынша биыл рекорд орнады. Аталған шараға өткен жылы 200 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары келген еді. Биыл бұл көрсеткіш 50 мыңға жоғары болды. Полиция департаментінің мәліметтері бойынша, 17:00-23:00 аралығында 250 мың адам концертті тамашалаған. Музыка фестиваліне биыл 58 әнші қатысып, 68 концерттік нөмір көрсетті. "Gakku" телеарнасы ұйымдастырған концерт бір сахнада барлық танымал әртістерді, аға буын әртістерінің көрнекті өкілдерін және музыканың түрлі жанрларының өкілдерін жинады. "Gakku Дауысы" - бұл жыл сайынғы қазақстандық заманауи музыка фестивалі. Фестивальдің негізгі мақсаты - жастар арасында ұлттық контентті және салауатты патриотизмді насихаттау.


15 қыркүйек 2019 ж. 1 033 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 871
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30